Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана марафоны мәресінде жас жігіт болашақ жарына некелесуге ұсыныс жасады

Астана марафонында 42,2 шақырымға қатысқан Слава Демченко есімді жігіт мәре сызығынан өткеннен кейін болашақ жарына некелесуге ұсыныс жасады.

20160904125307

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Марафонға қатысу үшін арнайы Павлодардан келдім. Сонымен қатар осы маңызды шара аясында сүйікті қызыма болашақ жар болуы үшін ұсыныс жасадым. Осы тосын ұсыныстан кейін көзінен қуаныш жасы мөлдіреп тұрғанын байқап тұрмын»,-деді жас жігіт «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Өз кезегінде Демченконың ұсынысына ұнатқан қызы тұрмысқа шығуға келісімін берді.

Марафон қашықтығы Астанадағы Есіл, Алматы және Сарыарқа аудандарын қамтыды. Осы ретте спорттық шара 4 санатта өтеді, яғни 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым, сондай-ақ эстафеталық жүгірулер ескеріліп отыр.

Талқылау