Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана көшелерінде нөсер жауын салдарынан көлік кептелісі болды (фото,видео)

Бірнеше сағаттан бері толассыз жауған жауын көлік жүргізушілерге қолайсыздық тудырды. Бірнеше көшені басқан су көлік кептелісіне әкеп соқты.

астана

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

#астана #тонет

Фото опубликовано Антон Дорохин (@anton.dorokhin)

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің деректеріне кептеліс Құтпанов  –   Біржан сал көшелері, Жеңіс даңғылы – Есенберлин көшесі, Қорғалжын тас жолы  –   Бейсеков көшесі, Ғабдуллин көшесі –   Иманов  көшесі,  Орынбор көшесі – Көпір-2,  Орынбор көшесі –  Шалқыма көшесі,  Сауран көшесі  –   Алматы көшесі,  Достық көшесі –  Сауран көшесі қиылыстарында қалыптасты.

Ауа райының нашарлауына байланысты Астана қаласы ІІД жергілікті полицей қызметі жүргізушілерге жолда абай болуға және жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырды.

#погодавастане#потоп#мыплывем#нуидела#летотыгде#

Видео опубликовано maryam_ochka (@maryam_ochka)

«Жауын салдарынан жол нашар көрінеді, асфальт  та тайғақ. Қауіпсіз қашықтықты сақтап, қолайсыз ауа райы  кезіндегі жылдамдық режімін таңдаңыздар. Жол белгілері нұсқауын, тұрақ, аялдама ережелерін орындаңыздар. Жүргіншілер де абай болғаны жөн. Жергілікті полиция қызметі жүргіншілерден жолдан белгіленген орындардан ғана өтуін сұрайды», деп хабарлады қызмет инспекторы Л. Бисембаева.

Астанада өткен демалыста жүргізушілер әлеуметтік желіге нөсер жауынның  әкелген жайсыздықтары түсірілген видеоларды жариялады.

Кейіннен елорда әкімі  Исекешев Астанада бірнеше күнде айлық норма түскенін атап өтіп, қолайсыздық үшін жұртшылықтан кешірім сұрады. Қазгидрометтің болжамынша таяу үш күн Қазақстан бойынша жауын-шашынды болмақ.

 

Талқылау