Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана көшелерінде гүлзардың орынына картоп дақылы отырғызылған

Астанадағы министрліктер үйінің дәл жанында кәдімгі картоп өсіп тұр. Мұны жергілікті кафенің иесі арамшөптермен күресудің таптырмас үлгісі дейді.

2

Елорда билігі көңіл көтеретін мекемелердің барлығының жанында гүлзар орынына арнайы шөп отырғызылу керек деген талап қойған.

“Біз 2-3 жыл гүлзар шөп отырғызып едік, ол өспей қойды. Ал әкімдік бізден талап етеді. Сосын арамшөппен күресетін ең арзан әрі қолайлы мүмкіндік – картоп екенін білдік. Сол себепті осы маусымда біз картоп көкөнісін отырғыздық. Картоптан кейін гүлзарда арамшөптер болмайды деп үміттенеміз. Олай болса келесі жылы емін-еркін керекті шөпті жайқалтып қояр едік”, – дейді жергілікті кафенің әкімшісі Ксения.

Оның айтуынша өскен картопты ешкім жеп кәдеге жаратпайды. Піскен соң оны теріп алып, тастай салмақшы.

Дегенмен, ерекше гүлзардың суреті желіде жарияланып, оған тұрғындар таңқалушылық білдіруде.

жжж

“Ақ үйдегі Мишель Обаманың бау-бақшасын еске түсіреді. Ал Астанада картоп атызы “Новый мир” тұрғын-үй кешені қасында министрліктер үйінің тура жанында орналасыпты. Бұл қазақстандықтардың дағдарысқа деген өзіндік реакциясы. Ауыл әлемді құтқарады!”, – деп жазды Сәкен Қалқаманов есімді Астана тұрғыны фейсбуктегі парақшасында.

“Оны жеуге болмайды. Біріншіден, үнемі көлік тығыны, демек түтін сіңіп қалады, екіншіден энергетика”, – деп жазады енді бірі.

Талқылау