Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы кептеліс. Қала әкімі кептеліс үшін премьер-министрен сөз естіді

Елордада қалың қардың салдарынан кептеліс пайда болды. Қала тұрғындары кептелісте қалып, жұмыстарынан кешікті, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.

20161114093550

Тұрғындардың айтуынша, олар бір аялдамаға жету үшін 1 сағаттай уақыт жұмсаған. Жол бойында жол апаттары кездеспегенімен, қаланың өзге аймақтарында жол көлік оқиғалары болған. Елордалықтар біраз уақыттан бері кептелісте қалғандарын айтып ашынды.

20161114092352

Sputnik тілшісінің хабарлауынша, қаладағы кептеліс салдарынан үкімет отырысы да кеш басталды. Бұл үшін қала әкімі премьер-министрен сөз естіді.

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жауған қарға байланысты жолдарда пайда болған кептелістер үшін Астана әкімі Әсет Исекешевті сөкті.

Бір күн бұрын жауған қар қаланың құтын қашырды. Көптеген кептелістер пайда болып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге өткізілді.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысын аша отырып, Астана әкімі Әсет Исекешевке қарата “бүкіл қала тұрып қалып, барлығы жұмысқа кешігіп жатқанын” айтты. “Шын мәнінде, бізде ауы райы кенеттен өзгерді. Біз дайындалдық. Түні бойы, сағат 2-ден бастап жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы, жолдар таза. Бірақ қардың көп жауғанына байланысты шынымен де үлкен кептелістер пайда болды. Меніңше, жақын арада бәрі реттеледі. Түні бойы барлық көліктер жұмыс істеп, көшелер толық тазартылды”, — деді Исекешев.

“Бұл сіздің әкім қызметіндегі алғашқы қысыңыз, алғашқы сынағыңыз деуге болады. Одан сүрінбеу өтуіңізге тілектеспіз», — деп түйіндеді премьер. Қала әкімдігінде хабарлағандай, 14 қараша күні қала көшелерінде көше тазартуға 369 техника бірлігі тартылып, 363 жол жұмысшылары жұмылдырылған.

Жіберіп алмаңыз:

Ауа-райы қолайсыздығына байланысты Қазақстанда бірнеше жол бағыттары түгелдей жабылып қалды

Сауд Арабиясының королі күллі әлемді таңқалдырған бұйрыққа қол қойды

Тележүргізушілер айқасы: Салтанат Қалиева мен Майя Бекбаева нені бөлісе алмады?

“Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

Алуа Қонарова: Мен Баянмен татуласқым келген

Талқылау