Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана қатты аязға дайындалып жатыр: Энергетиктер тәулік бойы жұмыс істейді

Астанада 40-45 градус аяз болады деген болжам жасалған соң қала басшылығы қатты аязға дайындала бастады. Астаналық энергетиктер аязға байланысты тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

“Астанада энергетикалық кешеннің алдағы қатты аязға дайындығы тексерілді. Астаналық энергетиктер аязға байланысты тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті. Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен бұл іске жауапты басшылар күннің суытуына орай энергетикалық кешеннің дайындығын тексеру мақсатында жиналыс өткізді. Атап өтсек, қаланы электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған қосалқы станциялар, соның ішінде «Шұбар» станциясы, «Астана РЭК» АҚ орталық диспетчерлік бөлімшесі электр жүйесінің жұмысы тексерілді. 

Жиында энергетикалық кешендердің басшылары аязға дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндады. Күн тәртібіне тәулік бойы кезекшілік қою, электр жүйелерінің жұмысын 10 пайызға, жедел бригада жұмысын екі есеге арттыру тұр.
Сондай-ақ аяз кезінде жауапты мамандар мен тәулік бойы кезекшілік ететіндердің жұмыс кестесі жасалынып, жылу станцияларын құру тапсырылған ЖЭО-2 –нің дайындығы да тексерілді. 

Қазіргі уақытта 30 жететін көмір қоры мен 15 күнге жететін мазут отыны бар”, – деп жазды Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, Қазгидромет болжамы бойынша, 22 қаңтардан бастап ауа-райы күрт суытып, ауа температурасы -35 – 40 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте қаңтардың басында ағаштар бүршік жарып жатыр

Алматыда 9-сынып оқушысы босанып алды

Мансабың үшін көнесің: Қазақстандық қыз-келіншектер басшылардың интимді қатынасқа қалай тартатынын айтты

Астанада 15 жастағы жетім қыз құрдасынан бала тауып, аналар үйін паналап отыр

Талқылау