Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың тұрғындары такси қызметін пайдалануда мобильдік төлем жүйесіне көшуі мүмкін

Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласында такси қызметі үшін қолма-қол төлем жүйесін алып тастауға ұсыныс жасады. Бұл өз кезегінде осы саладағы көлеңкелі кіріс көлемін азайтады екен.

8989371

Сурет Еркен САЛИХОВ

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Астанада такси қызметін ақшасыз төлем жүйесіне ауыстырылуы мүмкін екенін хабарлады.

«Біз әлі күнге дейін жолдың бойына шығып қол көтеріп немесе телефон шалып такси қызметіне жүгінеміз. Ал қазір әлемде такси компаниялары мобилдік жүйемен жұмыс істейді», – дейді Дәулет Ерғожин Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген мәжілісінде.

«Сондықтан біз сондай компанияларды Астанаға шақырғымыз келеді. Біріншіден, олардың бұл салада тәжірибесі бар, екіншіден адамдар үшін ыңғайлы жағдай жасаймыз. Бұл ысырапшылдықты азайтады», – деп атап өтті Ерғожин.

Талқылау