Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана қаласына кіру ақылы болады

Астана қаласына таңертеңгілік уақытта кіру ақылы болуы мүмкін.

Астана қаласына кіру ақылы болуы мүмкін

Бұл туралы «Елорда инфо» сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Таңертеңгілік уақытта, яғни сағат 7-ден 9-ға дейінгі аралықта жүргізушілерден ақы алынуы мүмкін деп болжануда. Күндізгі уақытта  елордаға кіру үшін ақы төлеудің қажеті жоқ», – дейді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун.

Астана әкімінің орынбасарының сөзінше, мұндай шара таңертеңгілік уақытта көлік легінің жылдамдығын арттыру мақсатында жасалмақ. Ол осылайша жүргізушілердің жылдамдығын 15-20 пайызға арттыруға болатынына сенімді.  Ал аталған жобаны мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында қаржыландыру жоспарлануда.

Сергей Хорошунның мәліметінше, еліміздің бас қаласына күн сайын орташа есеппен 82 мыңға жуық көлік кіріп-шығады. Олардың 17 пайызы, яғни 13 500-і қалаға таңертеңгілік уақытта кіреді екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау