Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана қаласы көшесінде полицей ұсталды

Желіде тарап кеткен полицейдің ұсталған сәті түскен видеоға байланысты Астананың ішкі істер департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қаласы көшесінде полицей ұсталды

Фейсбук желісіндегі «Астана — Что? Где? Когда?» тобында екі ер адам полицей формасын киген азаматты қыйнап көлікке кіргізбек болған кезі түсірілген видео тарады. Видео авторының айтуынша, Абай даңғылында қозғалыс тоқтаған.

«Жол апаты болған шығар деп ойладым, алайда төбелес екен. Екі адам полицей формасын киген жігітті күштеп көлікке отырғызбақ болды. Жігіт «көмектесіңдер» деп айғайлап жатыр. Соңында әлгі үшеуі жол шетіне шықты, сол маңнан өткен-кеткендердің бәрі форма киген жігітке көмектеспек болды. Жігіт жап-жас, қорқып қалған, маған «102» нөміріне қоңырау шалуымды сұрады. Ол жігіт сол маңдағы адамдарға әлгі екеуі қалтасына бір нәрсе салып, оған жаба салмақшы екенін түсіндірді. Біз екі адамнан куәліктерін көрсетуді сұрадық. Қызметтік куәліктері бар. Олар 102-ні өздері шақырып, жаңағы жігітті патрульдік көлікке отырғызды. Одан кейінгі тағдыры белгісіз. Жігіттің бір кінәсі бар деп үміттенемін. Түсініксіз. Көшеде форма киген адамды ұстап жатқанын күнде көре бермейсің. Әдетте бәрі керісінше болады», — деп жазған Tolga Toleubay фейсбуктегі парақшасында.

Елордалық ІІД баспасөз қызметі ІІБ күзет бөлімшесінің полицейі ұсталғанын түсіндірді.

«Видеода Астана қаласы «Алматы» ауданы ІІБ қызметкерлерінің заң бұзушылық жасады деген күдікпен ішкі істер органдарының күзет бөлімшесінің полицейін ұстап жатқаны сәті түсірілген. Қазір тексеріс жүріп жатыр»,- деді баспасөз қызмет өкілі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау