Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана” “Селтиктен” жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

«Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші айналымында Глазгода Шотландия чемпионы «Селтик» командасымен қарымта кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты.

4594c-Yuriy-Logvinenko

Сурет: www.footboom.kz 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Матч “Селтик” командасының басымдығымен басталған болатын. Алайда шотландықтар мардымды шабуыл жасаған жоқ. Матчтың алғашқы таймы 1:0 есебімен “Селтик” командасының пайдасына шешілді. 45-минутта төреші “Астана” қақпасына пенальти белгілеп, қарсыластар сапынан Гриффитс айып добын мінсіз орындады. Екінші таймда “Астана” футболшылары басымдықты өз қолдарына алды. Допқа иелік етуде алға шыққан қазақстандықтар ойынның 62-минутында гол салды. Астана сапындағы Ибраимидің голы есепті теңестіруге сеп болды.

Осыдан соң, Астана футболшылары сенімдірек ойнай бастады. Дегенмен матчтың соңғы 92-минутында өз айып алаңдарында қателік жіберіп, төреші тағы да 11-метрлік айып добын тағайындады. Бұл жолы пенальтиді Дембеле орындап, командасына жеңіс сыйлады.

Осы ойын қорытындысы бойынша, “Астана” УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде шығып қалды, енді қазақстандық чемпион Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, екі команданың алғашқы матчы бір апта бұрын Астанада өткен болатын. Ол кезде футболшылар 1:1 есебімен тең тарқасты.

Жіберіп алмаңыз:

Ірі әуежайлардың біріне Криштиану Роналдудың есімі берілді

Лионель Месси шашын басқа түске бояп, өзгеріп шыға келді

Аршавин “Қайрат” сапында ерекше гол соқты (видео)

Талқылау