Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана базарында белгісіз имамдардың заңсыз намазханасы анықталды

Астана қаласы Орталық базарында ресми емес намазхана жұмыс істеп тұрған. Ол жерге келген адамдармен белгісіз дін уағыздаушылары жұмыс жасаған.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Билік орындарымен келісілмеген бұндай миссионерлік қызмет мамыр айында әшкереленгені айтылады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ғимаратты жалға алған ЖШС иесін әкімшілік жазаға тартып, кәсіпкерге 200 АЕК (1 АЕК = 2 269 теңге) көлемінде айыппұл белгіленді.

Алайда, мұндай құқық бұзушылықты ол алғаш рет істеп тұрғанға орай, сот белгіленген айыппұлдың көлемін 30% азайтты. Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз:

Отандастары қазақстандық спортшы қызды жалаңаш суреттері үшін ұнатпайды (фото)

Алматыда қарумен жүрген жігіт ұсталды

Алматыдағы сауда үйінің 3-қабатынан құлаған бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстан Қырғызстандағы президент сайлауын бақылаудан бас тартты

Талқылау