Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана базарларында сатылып жатқан қауіпті көкөністің тізімі жарияланды

Астанада былтырдан қалған қауіпті көкөністер сатылып жатыр. Осылай деп дабыл қаққан СЭС оның тізімін де жариялап жіберді,-деп хабарлайды ктк арнасы.

maxresdefault

Бұл туралы “КТК” хабарлайды.

«Қара тізімді» қауын, қарбыз мен баклажан бастап тұр. Өйткені, ерте көктемде бұл көкөністердің құрамында химиялық заттың мөлшері жоғары болады.  Сондықтан санитар дәрігерлер Елордадағы ең үлкен базарға жылжымалы зертхана қойып, сөредегі азық-түлік сапасын дереу тексеріп жатыр.

Базардың ортасында тура зертханадағыдай ақ халат пен қолғаптарын киіп жұмысқа кіріскелі тұрған мына мамандар жұрт сатып алған бар тауардың құрамын тез тексеріп беруге дайын. Санитар-дәрігерлер алдына келген тұтынушыны ұзақ ұстамайды. Қолдарындағы осы құрылғы арқылы азық-түлік пен көкөністегі химиялық заттың мөлшерін сол мезетте анықтауда.

Ерте көктемде былтырдан қалған қарбыз, қауын, баклажан мен шалғамды сатып аларда сақ болу керек дейді СЭС мамандары. Өйткені, бұл көкөністердің құрамында химиялық зат көп болғандықтан, тұрақты  тұтынған адам уланып қалуы да ғажап емес.

“Шет елдерден келеді. Дұрыс па, дұрыс емес пе соның бәрін тексеру керек”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Сәния Назымханова.

Астанадағы сауда сөрелерінде самсап тұрған импорттық көкөністерді біз де тексертіп көруді ұйғардық. Мәселен, көктем кезінде, әсіресе, қызанақ пен қиярға сұраныс жоғары екен.

Жылжымалы зертханаға жұрт ет, салат, қептірілген жеміс-жидек және өзге де өнімдерді алып келіп жатыр. Тіпті пакеттегі сүттің құрамын анықтап беруді сұраған тұтынушылар да болды. Жалпы, елордалықтар көбіне базардағы бағаға шағымдануда. Жұрт азық-түліктің бірден қымбаттап кеткенін айтады.

“Сүйегін де 1300 теңгеден  сатады. Нақты бағасын қоймайды. Қазыны шексіз сатады. 1 метр шекті мың теңгеден сатады. Жылқының қарнын майын алып тастап тек қарын сатады”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Дидарбек Қажығалиев.

Мына үстелде отырған мамандар тұртынушылардың құқығын қорғау туралы кеңес беріп жатыр. Яғни инспекторлар сапасыз тауар сатып алған немесе кәсіпкермен дауласып қалғандардың мәселесін бірден шешіп жатыр.

“Егер тұтынушылар өзінің құқықын жақсы біліп тұрса, сатып алатын жерден соның бәрін талап ететін болса, сөрелерде жағымсыз тағамдар болмайды”, – дейді тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары Мейрам Молдашев.

Санитарлық дәрігерлер сауда сөрелерінен адам денсаулығына қауіпті азық-түлік, көкөніс пен жеміс-жидекті анықтаса, комиссия кәсіпкердің қоймасына тексеру барады. Сөйтіп, тауарды түгел жоймақ.

Естеріңізде болсақ, осы уақытқа дейін Қазақстан дүкендерінде адам денсаулығына аса қауіпті азықтар еркін саудаланып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау