Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана” баскетбол клубының жанкүйері ойын кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Әуелі ойыншылар қызды байқауға қатысушы ретінде ойын алаңына шақырған. Ол ортада тұрғанда кенеттен қолында гүлі бар жігіт шыға келіп, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс білдіреді. Қыз сол жерде келісетінін айтқан.

b4f43efad58362e634f7cc6759b95d5f

Бұл туралы “Экспресс К” хабарлайды.

«Астана» баскетбол клубының жанкүйері ойын кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады. Қыз үшін бұл үлкен тосын сый болды.

Жігіт баскетбол ойынының тұрақты жанкүйері екен. Сондықтан ол алдын ала Астана клубымен келісіп алған. Клуб ойыншылары да жігіттің ойын құптай кеткен.

Баскетбол ойыншылары осы оқиғадан кейінгі көңіл-күйді бұзбай, Нижний Новгород командасын жеңді. Қазір команданың құрамы жақсарған. Авроамерикалық екі ойыншы Кеннет Хэйс пен Джерри Джонсон жақтасына доп беріп, «3 ұпайды» алуда басымдық танытып келеді.

Осы маусымда «Астана» ойынылары жеңісті ойын көрсетуге тиіс. Өйткені, команданы Литва жаттықтырушысы Рамунас Бутаутас басқаруда.

Талқылау