Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана” банкінің салымшылары 30 млрд теңгені шешіп алды: Банкте не жағдай болып жатыр

«Астана Банкі» АҚ қаржылық мекемедегі жағдай туралы клиенттердің жиі қойылатын сұрақтарына жауап берді. Өткен аптада Елбасының қара тізіміне ілінген Астана банкі біраз қаржылық ағынға ұшыраған екен.

"Астана" банкінің салымшылары 30 млрд. теңгені қайтарып алды: Банкте қандай жағдай болып жатыр

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Бүгінгі күні, Астана Банкі клиенттер алдындағы міндеттемелерін өтеуге шамасы келеді. Банкте клиенттерге қатысты міндеттемелерді өтеу үшін несие портфелі мен жылжымайтын мүлік түрінде жеткілікті активтер бар. Бірақ оларды сату үшін белгілі бір уақыт керек. Өйткені, банк активтерінің шарттық өтеу мерзімі болады. Банк активтерді мерзімінен бұрын өтеу және сату бойынша барлық шараларды қабылдайды»,-делінген хабарламада.

Клиентердің алдындағы міндеттерді орындаймыз деген банк дүрбелеңге ерімей, шыдамдылық танытуды сұрады.

«Соңғы бірнеше күн ішінде, 18 сәуірден бастап, банк салымшылары 30 миллиард теңгені шешіп алды. Банк ахуалды тұрақтандыру және ағындарды азайту бойынша барлық ықтимал шараларды қабылдайды. Қаражат аудару, шешіп алуда орнатылған шектеулер уақытша деп үміттенеміз. Қазір олар 2 мамырға дейін өзгертілді. Бұған дейін жеке тұрғалар бір апта ішінде 1 млн теңге ғана шешіп алуға құқылы болды. 2018 жылдың 26 ​​сәуірінде төлем карталарына қызмет көрсету бойынша қосымша техникалық жұмыстар жүргізіліп, үзілістер жойылды»,-дейді Астана Банкінің басшылығы.

«2018 жылдың 25 сәуіріндегі жағдай бойынша салымшыларға, жеке тұлғаларға арналған міндеттемелер сомасы шамамен 56 млрд. теңгені құрады. Басым көпшілігі КФГД-мен сақтандырылған. Тыныштық сақтап,  депозиттерін біздің банкте қалдырған салымшыларға алғыс айтамыз»,-делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстан әнұранын баянның сүйемелдеуімен орындаған Нидерланды елшісі жұртты сүйсінтті (видео)

Жаңаөзенде тірідей өртеніп кете жаздаған баланың ісі: Анасы ұлын өртеп жіберген баланың есімін атады

Жаңаөзенде 16 жастағы жасөспірімнің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген

Петропавлда анасыз өскен оқушы асылып қалды

Талқылау