Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Астана Банкі» және Qazaq Bank салымшылары өз ақшасын қашан қайтарып ала алады?

«Астана Банкінің» салымшыларына ақшасын қайтарып алу үшін біраз күте тұру қажет болады. Бұл процесс қаржы ұйымы толықтай жабылғанша, яғни 6 айға дейін созылуы мүмкін.

«Астана Банкі» және Qazaq Bank салымшылары өз ақшасын қашан қайтарып ала алады?

Бұл туралы «Алматы» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ұлттық банк 18 қыркүйекте Astana Bank-тің лицензиясынан айырған күнінің ертесіне-ақ, банктің уақытша әкімішілігі құрылып, жұмысқа кірісіп кетті. Ұлттық банк 2018 жылдың 15 қазанында сотқа шағым түсірген. Банк жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтату туралы іс қаралып жатыр. Соттың шешімі шыққаннан кейін, депозитті кепілдендіру қоры 14 күннің ішінде салымшылардың қаражатын өтеуге міндетті. Ал азаматтар жарияланған банк-агентке барып, қаражатын қайтарып алу туралы өтініш жазуы қажет. Содан кейін 5 күн ішінде, белгіленген екінші деңгейлі қаржы институты салымшының жинақталған сомасымен есеп айырысуға міндетті», – дейді Astana Bank АҚ уақытша әкімшілігінің басқарушысы Джемма Зинуллина.

Бүгінгі таңда «Астана Банкінің» 267 мың салымшысы ақшасын қайтарып ала алмай отыр. Десе де олардың депозитке салған 39 миллиард теңгесі банк лицензиясынан айырылғаннан кейін бірден қайтарылмайды. Бұл соманың 37 миллиард 7 миллион теңгесін депозиттерді кепілдендіру қоры өтеді. Ал қалған қарды арнайы комиссияның шешімі шыққаннан кейін беріледі. Себебі аталған қор ұлттық валютада жиналған 10 миллион теңгеге дейінгі ақшаға кепілдік береді. Басқа валютадағы жинақтың 5 миллион теңгеге дейінгі ақшасы ғана өтеледі.

«Депозитінде 10 миилион теңгеден аса ақша жинағаннан кейін, толық ақшасын қайтара алмай қалған азаматтар үнемі хабарландыруды қапыда қалдырмауы керек. Олар Ұлттық банкке, Қазақстандағы депозиттерді кепілдерндіру қорына немесе банктің өзіне барса болады. Ликвидациялық комиссияның «Заң» газетінде шыққан екі айдың ішінде аталған комиссия барлық шағымдарды қабылдауға міндетті екендігі туралы хабарландыруы керек. Одан кейін уақытша құрылған әкімшілік мәселені осы комиисияға тапсыруы үшін 1 ай уақыт береді.  Бас-аяғы процесс тағы да алты айға созылуы мүмкін», – дейді Джемма Зинуллина.

Ал басынан бағы тайған тағы бір банк Qazaq Bank-тің 18 мың салымшысы өз ақшасының қайтарылғанын күтуде. Оларға ақшасы биылғы жылдың соңына дейін қайтарылуы мүмкін. Банктің уақытша әкімшілігінің басқарушысының сөзінше, депозиттегі 20 миллиард теңгемен қоса, банк картасындағы немесе ағымдағы банк шотында қалған ақша толықтай қайтарылатын болады.

«Ал Qazaq Bank-тің жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтату туралы соттың шешімі шыққанымен, әлі өз күшіне ене қойған жоқ. 29 қарашада өз күшіне енуі қажет. Банктің акционерлері мен кредиторлары тарапынан ешқандай шағым болмаса, 30 қарашада ликвидациялық комиссия өз жұмысына кіріседі. Салымшылар сот шешімі заңды күшіне енген соң 14 күннің ішінде қаражаттарын қайтарып алуға өтініш жазуларына болады», – дейді Qazaq banki АҚ уақытша әкімшілігінің басқарушысы Анфиса Отцова.

Десе де депозитке салған ақшаңыз кепіл соммасынан асып кетсе және банк банкротқа ұшыраса, мұндай жағдайда ақшаңызды қайтарып ала алатын-алмайтыныңыз қардылық сауаттылығыңызға байланысты. Осы себепті келісім шартқа қол қойған кезде мұқият болған жөн. Мысалы, сыйақы мөлшеріне қол жеткізу үшін, келісімшарттағы «капиталдандыру» пунктін белгілеу қажет.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сыйақыға кепілдік бермейді. Егер де банктік салым шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, капиталдандырылған сыйақы негізгі сомаға қосылады. Сонда бұл кепілдік объектісіне айналады. Тек бір жағдайда ғана капиталдандыру көзделсе, сыйақыға кепілдік болады», – деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры департаментінің жетекші маманы Самат Төреқұл.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау