Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана Банкі” мен “Эксимбанк” міндеттерін орындамаса үш айдан соң жабылуы мүмкін

Ұлттық Банк бір күнде екі бірдей қазақстандық банктің жұмысына шектеу қойды. Енді бұл қаржылық ұйымдардың жеке тұлғағалардың депозиттерін сақтауға, есеп шоттар ашуға құқығы жоқ. Ал бар ақшасын осы банкке салғандардың жағдайы не болмақ? Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Астана Банкі мен Эксимбанк міндеттерін орындамаса үш айдан соң жабылуы мүмкін

Ұлттық Банктің қаулысы “Астана” мен “Эксимбанктің” салымшыларын алаңдатып отырғаны белгілі. Дегенмен бұл қаржылық ұйымдардың басына қара бұл үйірілгеніне біраз болды. Олар халықтың ақшасын жырымдап қайтарып, берілетін сомаға шектеу қойып тастаған. Салдарынан Ұлттық Банкке шағым қарша борады. Тіпті Елбасының өзі “Астана”, “Эксим” және “Қазақ банктеріне” ескерту жасап, жағдайды жылдам қалыпқа келтіруді тапсырған. Бірақ бұдан сабақ алған ешкім болмаған соң Ұлттық Банк заң жүзінде әрекет етуге көшті.

«Астана Банкі» АҚ мен “ЭксимБанк” Қазақстанның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы уақытша тоқтатылады. Бұл шешім банктердің жүйелі түрде заңнама талаптарының бұзылуына және қаржылық ұйымдардың өз міндеттерін орындай алмауына байланысты қабылданып отыр.

Бұл лицензия қос банкке жеке тұлғаларға жаңа депозиттер ашуға, есеп шоттар ашуға қатысты ғана тоқтатылып отыр. Яғни банк жұмысын тоқтатпайды, қолданыстағы депозиттер мен клиенттеріне қызмет көрсетуін жалғастыра бермек. Сондай-ақ “Астана Банкі” мен “ЭксимБанк” те қазір ликвидті қаржы тарту үшін стратегиялық инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, 2018 жылдың бірінші мамырындағы жағдай бойынша, “Астана Банкінде” жеке тұлғалардың депозит көлемі 53 миллиард теңге болса, “Эксимбанк” Қазақстанда 267 миллион теңге жұрттың қаржысы жатыр. Бұл еліміздегі бүкіл банкетрде сақтаулы тұрған депозиттердің 1 пайызына да жетпейді.

Ұлттық Банк жұмысана салғырт қарап отырған “Астана Банкі” мен “Эксимбанк” Қазақстанға қосымша қаржы тартып, жағдайды қалыпқа келтіруге үш ай уақыт берді. Егер 29 тамызға шейін ештеңе өзгермесе бұл қаржылық ұйымдарды күштеп жабылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау