Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана банкі” лицензиясынан айырылды

ҚР Ұлттық банкі «Астана банкін» банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды. Ұлттық банк «Астана банкінің» салымшыларына үндеу жолдады.

«ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 214 қаулысына сәйкес «Астана Банкі» АҚ-ты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 48-бабы 1-тармағының в), г) және м-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде, пруденциялық нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғаны, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның үстеме капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамағаны үшін банктік және өзге де операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкке 2015 жылғы 20 сәуірде берген № 1.1.32 лицензиясынан 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап айыру туралы шешім қабылданды» делінген хабарламада.

Кепілдіктің ең жоғары шегі: Теңгемен депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін; Шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін мөлшерді құрайды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатынан банктің мынадай клиенттері: жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар өтемақы алуға құқылы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау