Бүлдіршін Астана ауруханасында орнатқан катетерден кейін аяғының саусағынан айырылуы мүмкін

Астанадағы ауруханалардың біріне жоспарланған ота бойынша түскен бүлдіршін енді мүгедек болып қалуы мүмкін. Кішкентай қыздың анасының айтуынша, дәрігерлердің қателігінің салдарынан қызы аяғының саусақтарынан айырылуы мүмкін. Қыздың анасы Таңшолпан Бейсенбекованың Астана ауруханасында өткерген жағаұстатарлық оқиғасы Facebook желісінде жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астана ауруханасына жүрегіне ота жасату үшін жатқызылған бүлдіршін енді аяғының саусақтарынан айырылуы мүмкін

Жамбыл облысынан Астанаға қызының жүрегіне ота жасату үшін келген жас ана № 1 қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері баламды мүгедек етті деп жан айқайын жеткізді.

Ұлттық кардиохирургиялық ауруханаға порталмен жатқызған қызға онда салқын тиіп, қызуы көтерілгендіктен, дәрігерлер анасы мен сәбиін 2018 жылдың 18 желтоқсанында № 1 қалалық балалар ауруханасына ауыстырған екен.

Сонда бөлім меңгерушісі бүлдіршінге пневмония деген диагноз қойған. Сөйтіп 4 күннен кейін балалар ауруханасының медбикесі қыздың оң аяғына катетр қояды.

«Қатетр салған күннен бастап қызыма күніне 2-3 укол салынып отырды. Ал катетрді медбикеден басқа ешкім кадағалаған жоқ. Тек 3 күн өткеннен кейін қызымның аяғын өзім көріп шошып кеттім. Содан жағдайды бірден медбикеге айттым. Медбике катетрді алып тастап, бөлім меңгерушісі мен бас дарігердің орынбасарын шақырды»,- дейді қыздың анасы Таңшолпан Бейсенбекова.

Оның айтуынша, қызын қарауға келген дәрігерлер қорқатын ештеңе жоқ, жазылып кетеді деп қыздың аяғына тек компресс жасатқызған. Алайда, 7 күн өткеннен кейін қыздың аяғы асқынып кетіп, ешқандай көмек көрсете алмаған № 1 қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері 1 қаңтар күні қызды №2 қалалық балалар ауруханасына ауыстырады.

«Ол жақтағы дәрігерлер баламның аяғы мен өкпесін қарап шығып, жансақтау бөліміне жатқызды. Қызым онда 2 күн жатты. Бірақ, дәрігерлер қызымның жағдайының нашар екенін айтып, аяғының саусақтарын кесіп тастауы мүмкін деді»,-дейді анасы.

Олардың бір ауруханадан екіншісіне жүгіргені аз еді, 3 қаңтар күні бүлдіршін анасымен бірге «Ана мен бала» орталығына ауыстырылды. Ал ауруханаға аяғы сап-сау баланы әкелген ана енді мүгедек бала алып шыққаным ба деп шырылдауда. Аурухана табалдырығын тоздырған қыздың анасы бүгінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан бұл іске араласып, ауруханада тексеру жүргізуін өтініп, көмек сұрады.

«Баламның мұндай хәлге түскеніне № 1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігерінен бастап, меңгерішісі мен медбикесіне дейін осы істің барлығына жауапты. Осы жағдайдың бәрі солардың жауапкершілігінде. Қазір Ана мен бала орталығы қызымның аяғын сақтап қалуға барлық шаралар жасап жатыр, бірақ аяғындағы саусақтарын кесіп тастауымыз мүмкін дейді!»,- дейді Таңшолпан Бейсенбекова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар