Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана аумағы Ұлттық Пантеон құрылысына байланысты кеңейеді

Ұлттық Пантеонның құрылысына байланысты Астана шекарасы 1,5 мың гектарға дейін кеңеюі мүмкін.

11943324

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Аумағы 1 мың гектар жерді алып жататын пантеон құрылысы үшін алдымен 2,3 миллиард теңге қарастырылған. Оған берілген аумақ Астана қаласынан 13 шақырым қашықта Ақмола облысы, Целиноград ауданында орналасқан.

“Бүгін мәслихат бекітті, енді Ақмола облысына жолдаймыз. Ол жақта қабылдайды, сосын біз мұны үкіметке жібереміз, ал содан соң Астана аумағын үлкейтуге қатысты президент бұйрығы шығуы тиіс. Астана шекарасын созу мәселесін жыл соңына дейін шешеміз деп үміттенемін”, – деді жер қатынастары және жерді қорғау мен пайдалануды бақылау басқармасының басшысы Төлеуғазы Нүркенов.

Пантеон құрылысы Қабанбай батыр және Талапкер ауылдарында жүргізіледі. Ондағы жалпы аумақ – 1419 гектар.

“Ол жерде президент бұйрығымен пантеон тұрғызылып, жаңа қалалық зират жасалмақ. Қазірге дейін бұл мәселе үкімет пен Ақмола облысы әкімдігімен ақылдасып шешімін тапты”, – дейді Нүркенов.

Осыған дейін Ұлттық пантеон құрылысына 79 миллиард теңге бөлінгенін және оның құрылысы 100 жылға созылуы мүмкін екенін жазған едік.

Талқылау