Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында шетелдік азаматтан пара алған полицей қызметтен қуылды

ҚР Ішкі істер министрлігі ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруға келген шетелдік делегация қатысушыларынан пара алған полиция қызметкерінің жұмыстан шығарылғаны туралы жария етті.

852

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды.

Монако княздігі құрып жатқан павильонның комиссары Жульен Селларио Астана әуежайының жолаушылар терминалы жанында темекі тартуға шыққан кезінде оған тәртіп сақшысы келіп, шетелдікті бөлімшеге алып кетеді. Сақшы оған тәртіп бұзғаны туралы түсіндіріп, айыппұл төлеу керектігін айтады. Шетелдік болса Қазақстан заңын білмегендіктен тәртіп сақшысының айтқанын бірден орындайды.

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың хабарлауынша, полицей ереже бұзушыға қатысты хаттама толтырмастан, ақшаны алғаннан соң босата салған. Алайда шетелдік көп өтпей полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты шағым түсіреді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Оқиғаға қатысы барлар қызметтен шеттетіліп, басшылыққа жаза тағайындалған. Әзірге нақты қанша адамның қызметтен кеткені анық емес. Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша алынған пара көлемі 120 евро.

Еске сала кетсек, “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесі Астана қаласында келесі жылдың 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өтеді. Шара аясында “жасыл” энергетиканың дамуы бойынша осы саладағы ғылыми жетістіктер паш етілмек. “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов хабарлағандай, қазірдің өзінде көрмеге қатысуға 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым ниет білдірген.

Оқи отырыңыз:

Елбасы Токиода сасқалақтап қалған Есімовке ыммен түсіндіріп жөн сілтеді (видео)

Әлия Назарбаева отбасының суретін жариялады (фото)

Мұхамедиұлы Жаманқұловтың президентке арнаған үндеуіне қатысты жауап берді (видео)

Қытай қазағы Астанаға Шанхайдан өзі жасаған қазақи әуе шарымен ұшып келмек (фото)

Талқылау