Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында рейсін күтіп тұрған Исекешев тұрғындарды таң қалдырды (фото)

Қала тұрғындары әуежайда өз рейсін күтіп тұрған Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті байқап қалған.

photo_190087

Астана әкімінің суретін Dmitriy Tulubayev есімді Фейсбук қолданушысы өз парақшасына жариялады.

“Бұған дейін шенеуніктер, әкімдер туралы ешқандай пост жазбайтынмын. Өйткені, оларды жазып мақтай қоятындай күшті себеп болмаған. Ал кеше мен қала әуежайына барған кезде, қала тұрғындарымен бірге қала әкімі өз рейсін күтіп тұрды. Ешқандай арнайы қауіпсіздік өкілдерін ертпей-ақ, көпшіліктің ортасында тұрғаны таңқалдырды”, – деп жазды тұрғын.

38f39fbcb00ef4f646f4bd3c509db436

Еске сала кетсек, Әсет Исекешев қала әкімі қызметіне бірер апта бұрын ғана тағайындалған еді. Оған дейін ол ҚР инвестиция және даму министрі қызметін атқарды. Ол бұл міндетті соңғы алты жыл бойы атқарып келген.

Талқылау