Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында құны жарты миллиард теңгеден астам бір қап алтын тәркіленді

Екі дорбаға нығыздап салған құнды жүктің салмағы 50 келіге тартады, деп хабарлайды КТК.

zolotye-ukrasheniya-2

Нарықтағы құны 664 миллион теңге. Бас аяғы 12 мың дана сырға, жүзігі бар жүк  Әзірбайжан азаматына тиесілі екен. Енді ол қомақты айыппұл төлеп, заңсыз тасымал үшін ұзақ жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Контрабандалық түрік алтыны «Стамбұл-Астана» ұшағымен келген. Қазір тергеу құнды жүкке кімнің тапсырыс бергенін және оны Түркия шекарашыларының көзінен қалай таса қалғанын анықтап жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Тоқтар Әубәкіровтың туған жеріне апарған сыйын полиция өткізбей қойды

Ақтау көшесінде қарумен жүріп жұртты шошытқан жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Талқылау