Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайы аумағынан Қытай азаматтың мүрдесі табылды

Бүгін Астана әуежайы аумағынан Қытай азаматының мүрдесі табылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға әуежай баспасөз қызметінен хабарлады.

әуежаййй

Баспасөз қызметінің нақтылай түсуінше, әуежайдың медициналық бекетіне ұшақпен келген жолаушыларды күтіп алушылардың бірі жүгініп, аялдамада белгісіз азаматтың жатқанын айтқан. Әуежай фельдшері оқиға орнына таңғы сағат 7-10-да барған кезде оның өліп қалғаны белгілі болған. Азаматтың қасында тұрған сөмкесіндегі биркадан оның Қытай азаматы екендігі және таңғы рейспен Бейжіңнен келгені анықталды.

Осыдан кейін желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылды. Болжамға сәйкес, қытайлық азаматтың жасы 56-да және ол тромбоэмболиден көз жұмған.

Талқылау