Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана аруы” балалар үйіне жарты миллион теңге бөлді

«Астана аруы-2016» атанған 18 жастағы Елназ Нұрсейітова сыйға берілген ақшасының жарты бөлігін (жарты миллион теңге) балалар үйіне бөлді.

cfK8TYiYx74

Байқау демеушілерінің түгелі дерлік Елназ Нұрсейітованы ерекше атап өткен еді. Ал сән бутиктарының бірі оны «Бүлде аруы» деп атап, аң терісінен жасалған көкірекше сыйға тартты. Одан бөлек, елорданың ең сұлу бойжеткеніне гаухар тасты әшекейлер сыйланды, деп хабарлады Экспресс-К.

Әділ қазылар алқасының құрамына бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, әнші Әли Оқапов, байқау ұйымдастырушысы Ольга Радеш, балет солисі Досжан Табылды, сондай-ақ, парламент депутаттары Зағипа Балиева мен Сергей Солодовников кірді. Балиева сұлулардың арасынан кімді жеңімпаз ретінде таңдау керектігін білмей, барлық қатысушыларға өз даусын берген. Ал қазылар алқасның өзге мүшелерінің тұгелі дерлік бір ауыздан Елназға өз дауыстарын берді. Олар астаналық арудың бадам дәні тәрізді көз қиығына, оқтаудай аяқтарына және қиылған қастарына қызықса керек-ті.

Елназ Қазақ технология және бизнес университетінің студенті. Болашақта кәсіпкер әйел болуды армандайды.

Алан Исаев

b00f342badd679e33f370077c057ff134d703fb3d0a08bdcdfe044f773e31f91b331080a16e921b3e8687b32673ffc35JL2n1SOutKEe02434e8c12085952ccb7c8366a1e76ad54PaAe2asQ

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаеваның жаңа фильмінде басты рөлді Тәуекел Мүсілім сомдайды (видео)

11-сынып оқушысы Талдықорған аруы атанды (фото)

Сәкен Майғазиев МузАрттың тарамақ болғанын растады

Әлия Мергенбаева “Әлем аруы” байқауында домбырамен өнер көрсетеді

Талқылау