Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана Арланс” “Куба Домадорес” боксшыларын жеңіп, WSB чемпионы атанды

“Астана Арланс” Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымының финалында “Куба Домадорес” боксшыларын жеңді.

3_web

Фото: aiba.org

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Финалда 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 11-ші жекпе-жек шешуші болды. Бұл матчта Олжас Байниязов пен Фрэнк Залдивар кездескен еді. Бұл жұпта қазақстандық боксшы басым болып, “арландарға” жеңіс сыйлаған алтыншы ұпайды алып берді.

1

“Астана Арланс” жекпе-жектер барысында 2-5 есебімен жеңіліп тұрғанын да айта кетейік.

Осылайша Astana Arlans Бүкіләлемдік бокс сериясының ең мықты командасы атанды. Арландар бұл турнирде үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Бұл финалға дейін кубалықтар да, “арландар” да екі рет чемпион болған еді.

Чемпиондар құрамында жеңіске мына боксшылар қарсыластарынан басым болды: Асланбек Шымбергенов, Зәкір Сафиуллин, Олжас Боқаев, Теміртас Жүсіпов және Ілияс Сүлейменов.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Головкин мен Альварестің кездесуін кинотеатрлардан көрсетуі мүмкін

“Аякстың” 20 жастағы футболшысы енді ешқашан сөйлеп, жүріп, адам тани алмай қалуы мүмкін (видео)

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 4 алтын еншіледі

Талқылау