Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Astana Arlans» командасы Дүниежүзілік бокс сериясының алтыншы маусымына қатысатын құрамын таныстырды

Бүгін Алматы маңында орналасқан Олимпиадалық дайындық орталығында Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) ағымдағы чемпионы – «Astana Arlans» командасының құрамы таныстырылды.

518ea3dd93ae5

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Біз жаңа маусымда жаңа формада және жаңа логотиппен өнер көрсететін боламыз. Клубтың басты нышаны – қасқырдың кескіні сақталды, бірақ ол енді құрылтайшылардың, яғни «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы логотипінің тұжырымдамасына сәйкестендірілді», – деді «Астана арландары» клубының бас менеджері Серік Сәпиев.

06-9_cd7b88cd

Спорт базасында команданың жаңа құрамы да таныстырылды. Сондай-ақ, жаңа маусымда аға жаттықтырушының міндеті Нұрлан Ақүрпековке жүктелді. Ал бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов өзінің кеңесшілік қызметін жалғастыратын болады. Жаңа маусым бойынша отындық 30 боксшымен келісімшарттар жасалды.

«Команда құрамында өткен жылы өнер көрсеткен Данияр Елеусінов, Қайрат Ерәлиев, Жәнібек Әлімханұлы, Иван Дычко және Василий Левит биыл Бразильяның Рио-де Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына байланысты ұлттық құрама сапында қалдырылды.

“Алайда, біз олардың орнын басатын жас былғары қолғап шеберлеріне көп үміт артамыз. Олар кез келген қарсыласқа қарсы лайықты өнер көрсетеді деген сенімдеміз», – деді аға бапкер.

Алтыншы маусымда Дүниежүзілік бокс сериясы жобасында екі команда «Түрік жаулаушылары» және «Өзбек жолбарыстары» тұңғыш рет өнер көрсететін болады. Бұл жерде өзбек «жолбарыстары» қазақстандық «арландармен» бір топқа түсті. Бұл топқа сондай-ақ, «Azerbaijan Baku Fires» және «Puerto Rico Hurricanes» командалары да енді.

«Бұл маусымда ұйымдастырушылар сайыс форматын аздап өзгертті. 16 команда төрт топқа бөлінді. Олардан келесі кезеңге екі команда шығады. Біздің боксшылар үшін жаңа маусым алдағы 23-ші ақпанда басталады. Бұл күні отандастарымыз Қарағанды қаласында әзірбайжандық әріптестерімен қолғап түйістіреді. Бұдан кейінгі кездесулер Петропавл және Өскемен қалаларында өтеді. Ал егер плей-офф кезеңіне өтер болсақ, онда Қазақстанда өтетін сайыстардың барлығы Шымкент қаласында өткізіледі. Бұл қалалар, боксты осы өңірлерде насихаттау мақсатында таңдап алынды», – деді клубтың бас менеджері Серік Сәпиев.

Айта кетелік, «Астана арландары» – WSB жобасында екі рет чемпиондыққа қол жеткізген команда.

Талқылау