Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана Арландары” Петропавлда “Пуэрто-Рико Харрикейнсті” 5:0 есебімен ойсырата жеңді

“Астана Арланс” кәсіпқой бокс клубы Бүкіл әлемдік бокс сериясы (WSB) аясында Петропавлда “Пуэрто-Рико Харрикейнс” командасын қабылдап, ірі жеңіске қол жеткізді.

photo_74192

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

“Астана Арланс” боксшылары бұл кездесу басталмай тұрып-ақ есепте алға шығып қойған. Бұл “Пуэрто-Рико Харрикейнс” командасының 64 келі салмақтағы боксшысы Янкарлос Ривьераның Қазақстанға келмей қалуымен байланысты. Бұл ретте оның қарсыласы Самат Башенов болған. Ол автоматты түрде жеңіске жеткен болып есептеледі.

Бүгін 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мардан Берікбаев Джон Ортистен 3:0 есебімен жеңіп кетті. Оның ізін ала Нұрсұлтан Көшеғұлов 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эдгардо Роланды ұтты.

Үшінші болып шаршы алаңға шыққан ауыр салмақтағы боксшылар Еркін Мұхаммеджан мен Иван Росадо кездесуі басталмай жатып аяқталды. Кездесу барысында Мұхаммеджанға техникалық нокаут жазылды. Кездесуді Абылхан Аманқұл мен Рауль Санчес аяқтады. Бұл жолы да қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.

Еске сала кетсек, “Пуэрто-Рико Харрикейнс” қаржылық қиындықтарға байланысты Сан Хуанда өтетін үйдегі матчын өткізе алмады. Нәтижесінде, 5:0 есебімен жеңіс қазақстандық команданың еншісіне жазылды.

Талқылау