Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімінің халықпен кездесуінде жалғызбасты ана өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытты

Бүгін елордада қала әкімі Бақыт Сұлтановтың тұрғындармен кездесуі өтті. Кездесу барысында еліміздің ішкі істер министрлігінің зейнетке шыққан қызметкері өзінің ұлына әкімнің гранты берілмегенін айтып шағымданды. Жалғызбасты ана тұрмысы төмен отбасының балаларына тегін білім берілуі керектігін айтты.

Бақыт Сұлтанов

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен өзім жалғызбасты анамын. Осы орайда мына бір сұрақты қойғым келеді: жалғызбасты аналардың тізімі неге халықтың әлеуметтік әлжуаз тобынан шығарылып тасталды? Тамыз айында мен әкімнің грантына қатысты жүгіндім. Менің балам төрт пен беске оқыған, біз жүз балл жинадық, бірақ грант берілмейді деді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы гранттарды көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетімдер алатынын алға тартады. Сонда мен баймын ба не? Мен Ішкі істер министрлігінің зейнеткерімін. Қалай жүгіргенімді білсеңіздер! Ақыр соңында үстіме бензин төгіп, өз өмірімді берейін онда дедім. Бәлкім менің ұлым жетім қалғанда, әкімнің грантын сол кезде ғана беретін шығар», – деп айқайлады ашынған әйел.

Сондай-ақ, ол отбасы тұрмысына байланысты ЖОО-ларда оқыта алмайтын балалардың барлығына  мемлекет тегін білім беру керектігін айтты. Өз сөзінде ол осы сөзінен кейін мемлекеттік органдар тарапынан қудалау болмауын талап етті.

Ашынған анаға жауап берген қала басшысы Бақыт Сұлтанов оның ешкім қудаламайтынын айтып сендірді.

«Сіз өз пікіріңізді білдірдіңіз. Бүгінде оның көбісі шешімін тауып жатыр. Жеке шағымдарыңызға келсек, мен жаңа ғана айттым, ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Қазір кабинетке кіріп, әр мәселені егжей-тегжейлі талқылайтын боламыз. Барлығы бақылауда, мен уәде бердім және оны орындаймын. Берген уәдемді орындап үйреніп қалғанмын», – дейді Сұлтанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау