Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімінің халыққа есеп беру жиынында шу шықты

«Азбука жилья» құрылыс компаниясының үлескерлері Астана әкімінің халыққа есеп беру жиынында шу шығарды. Қолдарына плакат ұстаған белсенділер түсіп қалған видео жарияланды.

Бұл туралы ratel.kz жазды.

Сұрақ қою кезегін күткісі келмеген олар әкімнің назар аударуын талап етті. Қолдарына «Хорошуна в отставку» және «Долой «Орда инжиниринг» сөздері жазылған плакаттар ұстап екінші қабаттан айқай шығара бастады.

«Мен сізбен жиырмасыншы рет кездесіп жатырмын. Сіздің мәселеңізді шешеміз», – деді Исекешев шу шығарып жатқан әйелге қарап.

Залдың күзетшілері әйелдің қолындағы қағазды тартып алмақшы болып, жыртып тастады. Алайды, қала әкімі әйелді жайына қалдыруды сұрады.

«Хорошун Сергей Михайлович қазір сізбен кездеседі. Содан кейін мен қабылдаймын», – деп уәде берді әкім.

Белсенділр жиынның тыныштығын бұзып, кедергі келтіруді жалғастыра берді. Олар әкімшілік басшылығын қызметінен босатуын талап етті.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысының тұрғыны: Интернат тәрбиешісі 11 жасар аурушаң ұлымның қасына жалаңаштанып төсекте жатқан

Қазақстан «қысым көріп жатырмыз» деп араша сұрап келген оралмандарды Қытайға қуып жатыр

Әнші Бауыржан Исаевтың концертіне 9 адам ғана келді

Талқылау