Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі желіде өзінің қатысуымен тараған мемдерге қатысты жауап берді

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов желідегі өзінің қайықта отырғаны бейнеленген мемге қатысты пікір білдірді. Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайтынын есте ұстау керек, дейді қала басшысы.

Астана әкімі желіде өзінің қатысуымен тараған мемдерге қатысты жауап берді

Бұл туралы BNews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мемдерге қашан да әзілмен қарау керек. Алайда жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайтынын да түсінген жөн. Кез-келген сауалдың негізі бар. Логика тұрғысынан алғанда, бұл мемді жібергендердің тарапынан дұрыс сын болды. Себебі бүгінде елордадағы басты мәселелердің бірі – жауын-шашын кәрізі. Бұл менің жұмысымда басым назар аударатын мәселе болады», – дейді қала әкімі.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желіде барынша ашық болуға тырысатынын айтты.

«Мұнда тәжірибелік қырына көп уақыт бөлу керек болғандықтан, кері жауап тұрғысында кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан алдын ала кешірім сұраймын. Алайда әлеуметтік желіде жазған хаттарға жауап беруге тырысамын», – дейді Астана әкімі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау