Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі тегін жер телімдерінің қалай берілетінін түсіндірді

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елордада 120 мыңнан астам тұрғын жер кезегінде тұрғанын айтты. Сонымен қатар ол жер телімдерінің қалай берілетінін түсіндірді. Бұл туралы әкім e.gov.kz сайтындағы онлайн-конференция барысында сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz.

Астана әкімі тегін жер телімдерінің қалай берілетінін түсіндірді

Онлайн-конференция барысында Өмірзақова есімді тұрғын жер телімі туралы сауал жолдады. Айтуынша, ол 2006 жылы жер кезегінде 236-ншы болып тұрған. Десе де 2012 жылға дейін кезегі жылжымапты.

Оған жауап берген қала басшысы жер телімдері 2007 жылдан бері берілмей жатқанын айтты.

«ЖТҮҚ мақсатындағы жер телімдерін  беру 2015 жылы 27 наурызда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің №255 ережесімен бекітілген. Оған сәйкес, өтінім түскен уақытта ұсынылатын жер телімі болмаса, азаматтардың өтінімі түскен өтінімдердің кезектілігі бойынша арнайы есепке алынады. Мұндай өтінімдер қажетті инженерлік коммуникациялары бар дайын жер телімі пайда болған кезде ғана қатаң кезек бойынша қанағаттандырылады.

Айта кетсек, қалада мұндай аумақтар жоқ болғандықтан, 2007 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін ЖТҮҚ мақсатындағы жер телімдері берілмеді. Бүгінде аталған арнайы есепте 120 мыңнан астам адам тұр», – дейді Сұлтанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау