Астана әкімі Малика Бектұрова болады деген қауесет тараған. Ол кім?

Күні кеше ел президенті Астана әкімін қызметінен босатты. Әсет Исекешев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ал күні бүгін елорданы Бақыт Сұлтановтың басқаратыны белгілі болды. Десе де, ол қызметке келмес бұрын, халық арасында Исекешевтің орнын орынбасары Малика Бектұрова басады деген қауесет тарады.

Астана әкімі Малика Бектұрова болады деген қауесет тараған. Ол кім?

Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды Малика Бектұрова туралы мәліметтер ұсынады.

Малика Бектұрова осы уақытқа дейін Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. Ол – парламент сенатының экс-депутаты Ерлан Нығматуллиннің қызы. АҚШ-тағы Кентукки, Корей даму институтын бітірген. Магистр дәрежесін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінен алған.

Сондай-ақ, Маликаның жолдасы Азат Бектұров – “Казаэронавигация” мемлекеттік азаматтық авиация кәсіпорнының басшысы. Екеуінің ортақ үш перзенті бар.

Бұдан өзге, Малика Бектұрова әр жылдары қаржы, индустрия және сауда министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарған. Соңғы рет 2016 жылы Астана әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған-ды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар