Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаңғы фестиваліне қатысты

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков биыл 16-шы мәрте өтіп  отырған «Қыс өрнегі» атты шаңғы фестиваліне қатысты.

20160221140338
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Биыл жарыс Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Ал, дәстүрлі фестивальге қатысқан елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков 1,6 шақырым жерді шаңғымен 10 минутта жүріп өтті.
20160221140308
Бұл дистанцияны бағындырғандар арасында қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, генерал-лейтенант Абай Тасболатовтар бар.
20160221140322
Жалпы, қала тұрғындары үшін ең қызықты спорттық шараға айналған шаңғы фестиваліне биыл үш мыңнан аса адам жиналған. Олардың басым бөлігі оқушылар мен студенттер болса, арасында күш құырылымдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер де бар.
20160221140357
Қатысушылардың бірі – Арман Сұлтанов осы фестивальге қатысу үшін  әдейлеп, Щучинск қаласынан келген екен. Ат терлетіп келген Арман құр қол кетпей, күш құрылымдарындағы қызметкерлер арасында бірінші орын алып кетті.
20160221140423
«Спорт жарыстарының зияны жоқ. Бүгін мен 2 шақырым жерді шаңғымен жүріп өтіп, күш құрылымдары арасында жеңіске жеттім. Осылайша, жанымды  да, тәнімді де қуанттым. Әрине, әскери қызметкерлер күнде таңертең жаттығу жасайды, сондықтан болар, жарыс маған қиындық туғызған жоқ. Ал, елордадағы бұл фестиваль өте керек», – дейді А.Сұлтанов.
20160221140436
Айта кетерлігі, шаңғы фестивалі аясында спорттың тағы сегіз түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

20160221140450

Талқылау