Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі қаладағы түнгі клубтарды 23.00-ден кейін жаптырмақ

Астана әкімдігі түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарының жұмыс уақытына шектеу қойды.

marquee-700x440

Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекеше мәлім етті.

«Біз бұл мәселені талқыладық, тұрғын үйлерде орналасқан аталған орындардың жұмысына түнгі он бірден кейін тыйым салу мәселесін мәслихатқа енгізуді көздеп отырмыз», – дейді Исекешев.

«Бұл мәселені мәслихат деңгейінде шешу қажет, егер болмай жатса, заңнамаға түзету енгізуді өтінеміз. Тұрғындардың құқықтары – бірінші кезектегі мәселе. Сондықтан бұл жерде (түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына қатысты – Ред.) шараларды қатайту мүмкіндігін қарастыру қажет. Бірінші рет – айыппұл, екінші рет – айыппұл сомасы көбірек, үшінші рет – қызметіне тыйым салу. Бізге бұл бағытта заңнамалық түрдегі жұмысты пысықтау қажет», – деп қорытындылады Астана әкімі.

Жіберіп алмаңыз:

Универсиада кезінде ауыр жарақат алған спортшылар ауруханаға тікұшақпен жеткізіледі

ШҚО-да дәмханаларда аспаз болған жас жігіт өзінің жеке тамақтану орындарын ашты

ОҚО-да ер адам Дулат руынан шыққан қазақтар жайлы пікірі үшін сотталып кетті

Әлемдегі ең жас ана: 5 жасында сәбиін өмірге әкелген қыздың тағдыры (фото)

Талқылау