Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі қала тұрғындарын энергияны үнемдеуге шақырды

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков халыққа есеп беру жиналысында тұрғындардан электр және жылу энергияларын үнемдеп пайдалануларын өтінді.

Baiterek-night

Сурет krasivye-mesta.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Энергия үнемдеу мәселесі қазір өте өзекті болып отыр. Энергоресурс таусылмайтын нәрсе емес. Біз бұған өте салмақты қарауымыз керек. 10 тонна отын жыл сайын құр босқа жанып кетеді екен. Сарапшылардың бағалауынша 70 пайыз энергия тұрғындардың немқұрайлығы кесірінен босқа кетеді”, – деді ол.

Ол пәтерлерде батереялар қуаттылығын реттегіш құрылғыларсыз орнатылғандықтан, адамдар терезені ашып температураны түсіретінін айтты. Зерттелгендей бізде үйді жылытуға кететін шығын Финляндия мен Исландияға қарағанда әлдеқайда жоғары екен. Бірнеше мемлекеттер заманауи технологиялар арқылы, баламалы энергия көздерін тауып жатыр деді әкім.

“Олар жарық шамынан әлдеқашан бас тартқан. Себебі кәдімгі жарық шамының 5-10 пайызы ғана жарық шашса, қалғаны құр босқа ауаға кетеді. Барлық адам энергия үнемдеу мәселесіне келгенде терең ойлануы керек. Егер, расымен үнемдей алсақ бұл біздің қаламыз үшін өте пайдалы болады,” – деді шаһар басшысы.

Талқылау