Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі елордадан қанша теңгеге үй алуға болатынын айтты

Елордалық құрылысшылар жыл сайын пәтер бағасын төмендетуде. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қаладағы баспана бағасының динамикасы туралы айтты.

Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады.

Оның айтуынша, былтыр екі миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген.

“Мемлекеттік тұрғын үйдің бағасы шаршы метріне 108 мың теңгеден аспайды. Елордалық құрылысшылар жыл сайын пәтер бағасын төмендетуде. Біз инфрақұрылым жүргізу арқылы оларды қолдап отырмыз. Соңғы үш жылда бастапқы баспананың орташа құны теңгемен алғанда 10 пайызға, доллармен екі есеге төмендеді”, — деді ол халыққа есеп беру кездесуінде.

Тағы оқыңыз:

Елімізде мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу үшін қанша қаржы қажет

Ипотекалық қарызын төлей алмағандарды енді ешкім үйінен қуып шықпайды

Қазақстандықтар ең жоғарғы зейнетақыға қалай қол жеткізе алады

Талқылау