Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі балаларға таңертең ерте тұрудың пайдасын айтты

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мектеп оқушыларына ерте тұрудың пайдасы орасан екенін айтты.

efefecbf93f698eb041d46a1514

Сурет info-tses.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Кей ата-аналар балаларын таңғы 6-7-де спорт үйірмелеріне, курстарға апарып жатады. Бұл әрине, балаға үлкен көмек. Бала үнемі ерте жатып, ерте оянуға дағдылануы керек. Ал таңғы 8.45 те балалардың жаппай мектепке ағылуы бұл үлкен проблема тудырады”, – деді қала әкімі.

Әкім әңгіме төркінін көлік қозғалысына қатысты етіп тұр. Жол-көлік қозғалысын реттеп, көлік тығынан азайту мақсатында осы жылдың көктемінен бастап Желтоқсан, Әуезов, Абай, Кенесары көшелері бір бағыттағы қозғалысқа ауыстырылмақ.

“Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып Желтоқсан, Әуезов, Кенесары, Абай көшелері бір бағыттағы жол қозғалысына ауыстырылады”, – деді Әділбек Жақсыбеков сәрсенбі күні халықпен кездесуінде.

“Әкімдіктің барлық құрылымдары жаңа графиике көшті. Орталық мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, жеке ұйымдар және ЖОО, мектептермен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жоспар көлік кептелісін 20 пайызға дейін азайтады”, – деп атап өтті әкім.

Сондай-ақ, қала басшысы қабылданған шаралар негізінде қозғалыс кестесі жаңарып, маршрут жүйесі жақсаратынын, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының да жоғарылайтынын айтты.

Талқылау