Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі алғаш рет салық төлеуді ұмытып кеткенін мойындады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өмірінде алғаш рет салық төлеуді ұмытып кеткенін мойындады. «Караван» газетіндегі «Қазақстандық министрлер мен әкімдер салық басқарамасына қанша қарыз?» атты мақаланы оқыған шенеунік ол туралы ойымен өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

исекешев налог

Фото: “Караван”

“Әрбір азамат салық төлеуі тиіс деп есептеймін. Ол министр ма, әкім ба, дәрігер ме әлде металлург па, маңызды емес. Барлық адам тең. Ол мемлекеттің экономикалық негізі, зейнетақы, жәрдемақы, жол салу, мектеп, аурухана тұрғызу. Өкінішке қарай, биыл алғаш рет мүлік үшін салық төлеуді естен шығардым. Жұмыс кестем тығыз болды. Бірақ ол қазір маңызды емес. Біле салысымен, кеше бірден төледім. Барлығын жіті бақылап жүретін және қызықты карикатура жасап берген БАҚ өкілдеріне алғыс айтамын. Салықты уақытылы төлеңіздер», – деп жазды Исекешев.

Айта кетейік, 11 қараша күні жарияланған мақалада Астана әкімінің салық органдарына 58 655 теңге қарыздар екені айтылған еді.

Исекешев салықтың екі түріне, атап айтсақ, физикалық тұлғалардың мүлкі (код 104102) және жер салығына қарыздар болған (код 104302). Бұл рекорд”, – деп жазды “Караван” газеті.
Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тұрғындар тегін азық-түлік үшін шешініп тастады (видео)

Атыраулық кәсіпкер зейнеткерлер мен кедейлерге тегін нан таратып жатыр

Білім және ғылым министрлігінде тағы бір даудың шеті шықты

Ақордаға қаратылып жазылған жазу елді дүрліктірді (фото)

Талқылау