Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі 10-қабаттан құлаған баланы құтқарған жігітке жарты миллион теңге сыйлады

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов 10-шы қабаттан құлаған баланы құтқарып қалған Артем Каревты жасаған ерлігі үшін марапаттады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Астана әкімі 10-қабаттан құлаған баланы құтқарған жігітке жарты миллион теңге сыйлады

 

Қала басшысы 7 жасар баланы құтқарып қалған Астана тұрғынына 500 мың теңгенің сертификатын берді.

«Құрметті Артем Семенович бұл үлгі тұтарлық ерлік. Бұл біздің азаматтарымыздың басқаларға қалай қарау керек екендігінің мысалы. Мен өз атымнан және әкімдік пен Астана тұрғындарының атынан жасаған ерлігің үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді»,- деді Астана әкімі Артем Каревқа алғысын білдіріп.

Естеріңізде болса, Артем Каревтың 10-қабаттан құлаған баланы құтқарып қалғаны жайлы хабарлап, видеосын жариялаған болатынбыз. Кейіннен оның ерлігін естіген Сарыарқа аудандық әкімдігі Артемге алғыс хат пен теледидар сыйға тартты. Алайда, баланың ата-анасы ұлдарын бір ажалдан аман алып қалған құтқарушыларына әлі хабарласпаған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау