Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы бес баланың қазасы жайлы жиында ағыл-тегіл жылап қалды

Астанада бес баланың қазасынан соң өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы көз жасына ерік берді.

Бес баланың қазасы кімге болса да оңай тимегені анық. Көпшілік бес баланы жоқтап, ата-анасына сабырлық тілеуде.

4 ақпан күні Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Жүргенбаева баспасөз конференциясында жауап бере алмай жылап қалды.

“Астана әкімдігі қара жамылған отбасыға көңіл айта отырып, барлық көмекті көрсетуге дайын”, – деді баспасөз қызметінің басшысы.

Сөзін аяқтай алмаған ол журналистерден сауал қоюын сұрады.

Тілсіз жаудың құрбаны болған бес баланы бүгін, 5 ақпан күні жерлейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр