Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімдігі көпбалалы отбасыны апатты үйден киіз үйге көшіріп қойған (фото, видео)

Раушан Иманғалиеваның жасы 41-де. 45 жастағы күйеуі мүгедек. 6 балалы отбасы осымен төртінші күн қатарынан киіз үйде өмір сүріп жатыр.

Безымянный

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

Апатты үйлеріндегі гараж асүй ретінде қолданылған.

“Гаражда тамақ дайындаймыз. Отағасы осында ұйықтайды, ал біз киіз үйде. Күнде бір кірпіші құлап жатқандықтан, үйге кіруге қорқамын”, – дейді Раушан.

Ақпан айында үйдің шатыры көп көлемдегі қарды ұстай алмай, тесіліп, төбеден су аға бастаған. Отағасы шу көтеріп, Раушан ақша мен құжаттарды жинап іске кіріскен. Мамандар үйдің 71 пайызы тұруға жарамсыз деген қорытындыға келген сараптамадан кейін. Ал 9 сәуір күні үйдің ішін су алып кетіп, үй құлайды. Аудан әкімі оларды туыстарына жіберуге шешім қабылдаған. Содан бері Раушанның хат жазып көмек сұрамаған өкілетті органы қалмады. Бәрі “сіз сияқтылар онсыз да көп” деп жауап береді.

expo1

“Біз үйде 15 жылдай тұрдық. Балаларымыз сонда өмірге келді. Бұл негізі күйеуімнің әке-шешесінің үйі. Бұған дейін ешкімнен көмек сұрамаған едік. Мен осыған дейін жұмыс істедім, қазір баламен демалыстамын. Екі кішкентай баламның мүгедектігіне байланысты әрқайсына 59 мың теңгеден жәрдемақы аламын. Олар көп күле де, жылай да алмайды, өйткені демікпелері бар”, – дейді әйел.

Ал екі үлкен балалары өз-өздерін қамтамасыз етіп жүр екен. Астанадағы колледжде оқыған олар қазір жұмыс істейді.

Әйелдің әкімдікке жасаған соңғы сапары “табысты” аяқталған. Көпбалалы отбасыға әкімдік киіз үй сыйлапты. Бірақ, шенеуніктер тамыз айында бұл уақытша баспананы қайта алып кететіндерін де айтыпты.

“Бізге әлеуметтік кабинетте әкімдік “ЭКСПО”-ға байланысты ештеңе жоқ. Сіздер сияқты 81 отбасы бар. Астанада бар барлық тұрғын үй баспаналары ЭКСПО-ға беріліп жатыр” деді. Бірақ, қонақтың ғана жағдайын жасап, өз халқына қарамай қоюға болмайды ғой”, – дейді ренжіген әйел.

Оқи отырыңыз:

Сапарбаев мешітке бас сұқпайтын ақсақалдарды сынға алды

Амантай қажы ЭКСПО-да “Аттан, қазақ” деп таяғымен айқайлап шетелдіктерді шошытты

Алматылықтар шет тілін тегін үйренетін болды

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларына назын айтты

Талқылау