Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аспаз кінәлі: Ақтөбеде оқушылардың неден уланғаны белгілі болды

Ақтөбеде оқушылар мен ұстаз жаппай уланып, мектеп директоры мен асхананы жалға алған кәсіпкер жазаға тартылды. Себебі, директор асхананы бизнесменге берерде оның санитарлық құжатының бар-жоғын тексермеген, деп хабарлайды КТК арнасы

аурухана

"№9 мектеп-гимназияның директоры Салиха Сәрсенбайқызы Қазыбаеваға бұйрығыммен қатаң сөгіс жарияланып, тәртіптік жаза қолданылады. Ал кәсіпкерге облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы үлкен мөлшерде айыппұл салды", дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда гимназияда тамақтанған 25 оқушы мен мұғалім астан уланды. Олардың астан ұшынуына аспаз бен асхананы жалға алушы кінәлі болып шықты. Зертханалық тексеру кезінде олардан стафилококк таяқшасы табылды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр