Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын өзіне телехикаядан рөл бұйырғанын айтып мақтанды

Асхат Тарғын өзіне телехикаядан рөл бұйырғанын айтып, қуанышты жаңалығын бөлісті.

Сурет: Асхат Тарғынның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz басылымы хабарлайды.

Танымал әнші Асхат Тарғын енді жұртқа басқа қырынан танылмақ. Әнші “Өз үйім” атты телехикаяға түсіп жатыр екен. Ол бірнеше сағат бұрын аталған телехикаядағы сәтсіз кадрлар мен суреттерді бөлісті. Аталған туындыда Рауан есімді баланың әкесінің рөлін сомдайды екен.

Әншінің бұл жұмысын бірі қоштаса, екіншілері кәсіби білімінің жоқтығын алға тартып, сынап жатты. “Асеке, сәттілік тілеймін!”, “Бәрі киноға түскіш болып кеткен ба? Қалай?”, “Бәрі актер болып кеткен ба?” деп жазады желідегілер.

Әншімен қатар, өнердегі аға-әпкесі Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер де осы телехикаяға түскен екен. Әзірге туындының көрермендерге қашан жол тартатыны белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Әлішер Кәрімов қалыңдығының қалай сәлем салатынын көрсетіп жұртты шулатты

Камера алдында шешінген Әзімбаева жұртты еліктірді (фото)

Айдана Меденова Луина ұтқан жүлденің өзіне бұйырмағанына өкпелі

16 аспапты меңгерген жігіт әлі де бұл тізімді толықтырмақ ниетте

Талқылау