Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын “NіnеtyOne” тобының Ақтөбедегі концертін болдырмауға шақырды

Әнші Асхат Тарғын қазақстандықтарды “NinetyOne” тобының Ақтөбеде жоспарланған концертіне қарсылық білдіруге шақырды.

image

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Ағайын, жұмыла көтерген жүк жеңіл, бәріміз бір ауыздан қазақ өнерін ластатпауға, жұртты, елімізді аздыруға жол бермейік. Мен NientyOne концертінің Ақтөбеде өтуіне қарсымын”, – деп жазған ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында. Желіні пайдаланушылардың бірі Асхат Тарғынды бұл жазбасы үшін айыптаса, бірі қолдау білдірді.

Олардың жекелегенін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік: – “Өзіңіз осыншама жанкүйерді жинай алдыңыз ба? Сізді тойларға ғана шақырады. Жастарға жол беріңіздер. Заманмен бірдей аяқ басыңыздар. Сіздердің тыңдармандарыңыз 40-70 жастағылар. Өздеріңізді еске алыңыздаршы. “Ласковый май” тобының әндеріне билеу үшін би кештеріне барған боларсыз?! Олардың ол кездегі түрлері қандай еді?”.

“Ақтөбе біздің үйіміз. Үйімізге дұрыс адамдар кірсін. Олардың кіруіне үзілді-кесілді қарсымын. Бастаманы аяғына дейін жеткізіңіздер, жігіттер!”, “Ата-аналары қайда қарап отыр бұл жігіттердің?”, “Сіз өзіңіз де өнер жолында жүрген адамсыз. Сіздің де əндеріңіз біреулерге ұнамайтын шығар. Ол топтың өз тыңдарманы бар. Демократиялық мемлекетте əр адам қалай киінгісі, қалай жүргісі келетінін өзі біледі. Өзіңізге де осылай қақпақ болса ұнар ма еді?” дейді желі қолданушылары.

Еске салайық, “NinetyOne” тобының жетекшісі “Орда” тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Өзіндік стилі бар топ құрылған күннен бастап-ақ көпшіліктің сынына ұшырап келеді. Дегенмен, бұл оларға жанкүйерлердің жүректерін жаулауға, отандық және шетелдік түрлі хит-шерулердің  алғашқы орындарынан көрінуге кедергі келтіріп отырған жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Асхат Тарғынов бірінші әйелінен сүйген қызын өнерге баули бастады

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таңқалдырды (видео)

Абай Бегей мен Асхат Тарғын әріптестерін сотқа бермек

Асхат Тарғынның ұрлығы әшкере болды (видео)

Танымал тележүргізуші Асхат Тарғынның бұрынғы әйелінің сұлулығына қайран қалды (фото)

Талқылау