Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын Головкинге құмалақ ашқан әжесін таныстырды

Асхат Тарғын Головкинге құмалақ ашқан әженің видеосын көрсетіп, жұртты таңқалдырды.

21690333_1446388685416200_2948308745907601408_n

Сурет: Асхат Тарғынның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Асхат Тарғын Головкин мен Альварес жекпе-жегінің нәтижесін дәл болжаған әжесін көрсетіп, жұртты қайран қалдырды. Әншінің әжесі құмалақ ашып, екі боксшының тең түсетінін айтқан. “Не екенін өзім білмей тұрмын. Екеуі көлденең тең түсіп тұр. Бірін-бірі жеңе алмай қалатын сияқты”, – дейді әжей. Кей желі қолданушысы мұның әншіге еш қатысы жоқ, кездейсоқ видео екенін айтады.

Құмалақтың дәл түскеніне желі қолданушылары да таңқалып жүр. “Апам Головкинге құмалақ ашып, хит болып кетті”, “100 мың тігіп жіберу керек еді”, “Апаға жұрт құмалақ аштыруға кезекпен тұрып жатқан шығар”, “Апаға тегін жарнама жасап бердіңіз ғой”, “Тура тапты ғой апамыз”, “Құмалақ дегенге қалай сенесіздер? Аллаға серік қосып” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Дұғалованың отбасылы әріптесімен көңіл қосқаны рас па?

Баян Мақсатқызы: Екінші рет ажырассам, тағы да кітап жазамын

Тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова тегін өзгертті

Ақбота Керімбекова экс күйеулерін ұлдарымен өзі мәжбүрлеп араластыратынын айтты

Талқылау