Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын алты айлық ұлына Құран сүрелерін тыңдатып жүр

Әнші Асхат Тарғын бос уақытын үнемі баласымен өткізуге тырысады екен. Осыдан алты ай бұрын дүние есігін ашқан Әл-Фараби есімді ұлының тәрбиесіне соңғы уақытта аса көңіл бөліп жүр. Баланы тәрбиелейтін түрлі психологиялық кітаптар оқуда. Бұл жайында Асхат Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Асхат Тарғын

Тарғын Айым есімді тұңғышына дер кезінде көңіл аудара алмағанына қынжылады. Әнші ол кезде тым жас болғанын, сондықтан да әке болудың маңыздылығын тереңінен түсіне алмағанын айтады.

«Бірінші балама көңіл бөле алмадым, қарайтындай уақыт болған жоқ. Жаспыз анда-мында кетіп қаламыз. Негізі балаға жақсылап көңіл бөлу керек», – деп ағынан жарылды белгілі әнші Асхат Тарғын.

Жақында екінші рет әке атанған Асхат жаңа туған бөпесін өзі әлдилеп бесікке бөлеп, ұйықтатын көрінеді. Бір қызығы, әнші бөпесін жәй «әлди» әндермен емес, Құран Кәрімде жазылған сүремен тәтті ұйқыға жатқызады екен.

Асхат Тарғын

«Балам бесікте жатқанда ұялы телефонымнан сүрелерді қосып қоямын. «Аят әл-Курси», «Фатиха» сүрелерін тыңдатамын. Бала бірнеше сағат тыныш ұйықтайды», – дейді өнер иесі.
Үш жасқа дейін балаға көп көңіл бөлу қажет. Онымен сөйлесіп, үнемі қызықты ертегі, тақпақ айтып отыру баланың зерек болып өсуіне көмектеседі. Психолог мамандардың дәлелімен Асхат Тарғын да келіседі.

«Баланың тілі шығып келе жақтан кезде дұрыс әңгімелер айту керек. Тәрбие – отбасынан басталады. Дастархан басында шәй ішіп отырғанда да жұбайыңа жағымды сөздер айтып, дұрыс қарым-қатынаста болу керек. Егер де шаңырақта кішкене ұрыс болып, әйеліңе балағат сөз айтатын болсаң, соны бала тез қабылдайды. Тез жаттап алады. Ертең сол сөзді өзіңе айтады. Сондықтан баланың көзінше балағат сөз айтпау керек», – дейді Асхат.

Осылайша Асхат шығармашылығынан гөрі отбасын бірінші орынға қоюда. Оған қоса, соңғы кездері шақыратын тойларының саны да азайыпты.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау