Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай оқырмандарды болжам жасап, күнә арқаламауға шақырды

Ауруханада ем қабылдап жатқан белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай, өзінің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.

10000000000000

Ол бұл туралы Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

“Ағайын, денсаулығыма алаңдап, жағдай сұрап,дұға тілеп жатқандарыңызға алғысым шексіз. Алла разы болсын. Еш жамандық көрмеңіздер. Мен әлі ауруxанадамын, ем қабылдап жатырмын. Алланың қалауымен,сіздердің тілектеріңізбен жақсарып келе жатқан сияқтымын. Аяғымнан тік тұрып кететін күн алыс емес деп үміттенемін”, – деді ол.

Тележүргізуші сондай-ақ, көпшілікті әртүрлі өсекке еріп, күнә арқаламауға шақырды.

“Сөз соңында өтінішім бар,жапырақ та Алланың қалауынсыз жерге түспейді. Апатқа ұшыраған көлікте жалғыз мен болған жоқпын. Алланың алдына шығып, әртүрлі болжам жасап күнә арқаламай-ақ қойыңыздар. Болған іс болды. Ол жерде қайтыс болған адам да бар. Сондықтан артық әңгімеден аулақ болсақ. Мен ешкімге ренжулі емеспін,маған да ешкім ренжулі емес деп ойлаймын. Алланың қалауы, Алланың ісі. Өмірде қандай жағдай болса да,қандай шешім қабылданса да барлығы әбден ақылға салынып,ой таразына түсіп барып қабылданғаны анық”, – деген ол барша оқырмандарын қасиетті Рамазан айымен де құттықтаған!

Еске сала кетсек, ол бірнеше күн бұрын Бішкек тас жолында ірі жол апатына түскен еді.

Талқылау