Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры басқа қызметке тағайындалды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында төменгі палата депутаттарының шешімімен Конституциялық кеңестің жаңа құрамы мақұлданды.

46c11c304dfefe828aafa307759

Сурет: kapital.kz 

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Парламент Мәжілісіне Бақтыбаев Ілияс Жақыпбекұлының өкілдіктерін өз еркімен мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші түсті. Ілияс Бақтыбаев Конституциялық кеңестің мүшесі лауазымына Парламент Мәжілісінің 2014 жылдың 5 наурызындағы қаулысымен тағайындалған», – дейді ҚР Мәжілісінің төрағасы Бақтыкожа Ізмұхамбетов.

Дауыс беру барысында депутаттар Ілияс Бақтыбаевтың Конституциялық кеңестің мүшесі ретіндегі өкілдіктерін тоқтатуды бірауыздан мақұлдады.

Одан әрі төменгі палатаның төрағасы Конституциялық кеңестің мүшесі лауазымына Асхат Дауылбаевты ұсынды. Мәжіліс депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады.

Еске сала кетейік, жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметінен босатылған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Асанов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды

Талқылау