Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерилер ерлі-зайыптыларды иесіз аралдан құмдағы жазудың арқасында құтқарып қалды

Америкалық ұшқыштар Микронезия аралында қалып қойған ерлі-зайыптыны құтқарып қалды. Олар 19 тамыздан бері жоғалып кеткен болатын.

photo_193352

Бұл туралы НТВ хабарлайды.

Линус пен Сабина Джек Тынық мұхитындағы Таматам аралына 17 тамыз күні қайықпен аттанған. Кейін белгілі болғандай олардың қайықтары апатқа ұшыраған. Олар адам мекендемейтін аралға дейін жете алған.

Олар құтқарушылардың назарын аудару үшін SOS деп жазған. Нәтижесінде сегіз күннен соң Гуам аралдарындағы базадан қайтып келе жатқан америкалық ұшқыштар жазуды байқап қалып, оларды құтқарған.

Талқылау