Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерилер Алматыны селден қалай құтқаратындарын көрсетті (фото)

Алматыда жыл мезгілдерінің қай кезінде де сел басу қаупі толастаған емес. Қала ойда орналасқандықтан, таудан аққан селге лайықты бөгет бола алу үлкен күшті талап етеді. Осы ретте қаладағы құзырлы органдар бас қосып, селден қалай қорғануға қатысты жаттығуларын пысықтады.

20170803_095544

Бұл туралы 28237 әскери бөлімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 2017 жылдың 3 тамызында ҚР ТЖД, Наурызбай ауданы әкімдігі, Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі, ҚР ІІМ ТЖК және Ұлттық ұланның 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен сарбаздары командалық-штабтық жаттығуларын өткізді.

20170803_112338

Командалық-штабтық жаттығуларды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы, өртке қарсы қызметінің генерал-майоры Серік Әубәкіров ашып, аталған оқу-жаттығулар кешені аумақта төтенше жағдайлар қаупі туындаған кезде сел жүру апатының алдын алу мақсатында құтқару жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу үшін, сондай-ақ төтенше жағдай туындауы мүмкін елді-мекендердің ғимараттары мен халқын апаттан қорғау мақсатында өткізіліп жатқандығын атап өтті.

20170803_112220

Оқу-жаттығу жұмыстары кезінде Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің шамадан тыс көтерілуіне байланысты су жинау тоғанының апатына әкеп соқтыруы мүмкін жағдай бойынша іс-шаралар орындалды.

20170803_100446

Кешенді іс-қимылға 24 бірлік техника мен 159 адам тартылды.

20170803_102333

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы азаматтық қорғаныс жөніндегі 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бұл оқу-жаттығуларға ерекше әзірлікпен келді. Бөлім командирінің бұйрығымен «Апат» дабылымен көтерілген жеке құрам дереу бес қаруын сайлап сапқа тұрғызылып, болуы мүмкін төтенше жағдай орнына уақтылы келіп жетті.

20170803_102246

20170803_102136

Төтенше жағдайлар Департаменті басшысының бұйрығымен ұландық жауынгерлердің құтқарушылар тобы Наурызбай ауданы Қарғалы өзені бойындағы сел жүріп өткен елді-мекендердегі қирап қалған тұрғын үйлер мен ғимараттар орнында апаттың зардаптарын жою және тұрғындарды құтқару мен оларға көмек көрсету бойынша жұмыстарды білектерін сыбана жүріп белсене атқарды. Олардың іс-әрекеттерін Төтенше жағдайлар Департаментінің басшылығы ерекше атап өтті.

Оқи отырыңыз:

14 жыл бұрын аман қалған тастанды қызды көкшетаулық дәрігерлер күтіп-баққан

Алматыда көлік жүргізушісі өзіне жол бермеген әйелді “балаларың өліп қалсын” деп қарғап кетті (видео)

Ұят: Қазақстандықтар билет сату қызметінің жарнамасына наразылығын білдірді

Қазақстандық блогер жағдайына қарамай бала санын көбейткіш ата-аналарды сынады

Талқылау