Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Атырау қаласынан табылды

Ақтаудағы әскери бөлімнен қашып кеткен 20 жастағы жауынгер Сергей Пыхалов 20 шілде күні кешкі уақытта Атыраудан табылды.

6565

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Ақтаудағы 6656 әскери бөлімінен 12 шілде күні қашып кеткен сарбазды, сегіз күн бойы іздеген болатын. Ақырынды оны әскери полиция тоғызыншы күні қолға түсірді.

Еске салсақ, сарбаз әскер қатарына 2017 жылы Қарағанды облысынан шақыртылған. Ол Ақтаудағы 22 ықшамауданда орналасқан 6656 әскери бөлімінде борышын өтеп жүріпті.

Ол Ақтаудағы №1 қалалық емханаға медициналық тексеруден өтуге барған кезде, ебін тауып қашып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте сатушы жігіт елді алдап жүрген алаяқ әйелдің қулығын әшкере қылды (видео)

Астана маңында белгісіз ер адам прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салды

Жезөкше болған қазақ қызы тікелей эфирде мұңын шақты

Қызды құтқарамын деп тоққа түскен жасөспірімнің өміріне кінәлілер табылмай отыр

Талқылау